Өткен күні елімізде 356 адамнан коронавирус табылып, тіркелген кейстер саны 10 мыңға таяды.
Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Алматы қаласында – 84, астанада – 48 адамға вирус жұққан. Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысында ондаған адамнан коронавирус табылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәуліктік өсім 3,7% мөлшерінде байқалған.
Елде барлығы 9932 адамға вирус жұққан:
- Алматы қаласы – 84 (барлығы 2462)
- БҚО – 51 (барлығы 544)
- Астана – 48 (барлығы 1868)
- Маңғыстау облысы – 40 (барлығы 217)
- Қарағанды облысы – 34 (барлығы 788)
- Шымкент қаласы – 32 (барлығы 762)
- ШҚО – 23 (барлығы 97)
- Атырау облысы – 21 (барлығы 980)
- Алматы облысы – 7 (барлығы 326)
- Қызылорда облысы – 6 (барлығы 330)
- Павлодар облысы – 5 (барлығы 197)
- Жамбыл облысы – 3 (барлығы 365)
- Ақмола облысы – 2 (барлығы 151)
Ведомствоның хабарлауынша, СҚО, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында жаңа науқастар анықталмаған көрінеді. Жалпы жиынтығы 9932 адам COVID-19 індетінің инфекциясын жұқтырған. Бір күнде 132 адам жазылған. Барлығы 4900 адам айыққан.
Бүгінгі таңда коронавирустың кесірінен қайтыс болғандар қатары 37-ге жеткен. Алайда індеттің бар-жоғына байланысты елдің іші екіге жарылған. Вирустың барына сенбейтін азаматтар да аз емес. Мұны көбі денсаулық сақтау министрінің БАҚ өкілдеріне карантин аймағына жолатпау жөніндегі «қате шешімі» мен ақпараттандырудың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ өңірлер мен мегаполистердегі жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының жұмысындағы шикілігінен деп санайды.
Сәуірде денсаулық сақтау министрлігі шарықтау шегіне жеттік дегенімен, бір ай өтпей мыңдаған кейске өскен реестрге байланысты кеше президент Тоқаев «шарықтау шегінен өттік» деп мәлімдеді. Десе де медицина саласының сарапшылары кәсіпкерлер мен тұрғындардың карантин талабына немқұрайлы қарауынан алдағы уақытта мәселе ушығып, дерт ошағы өршіп кетуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді