KASE ақпаратына сәйкес, таңертеңгілік сессиядағы теңгенің бағамы USDKZT_TOD = 312,13 (-0,56) көрсетіп, едәуір көтерілген.
/KASE, 05.04.2017/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 312,13 (-0,56 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 62 400 мың АҚШ долларын (-18 950 мың USD) құрады.
“The Qazaq Times”