Жапонияда карантин режимі 31 мамырға дейін ұзартылады.
Kyodo агенттігінің хабарлауынша, елде вирус жұқтыру дерегінің азаюына қарамастан Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешім қабылдаған.
Мәліметтер бойынша, індет тарағалы елде медициналық кадрлар тапшылығы артып, экономикалық белсенділік төмендей түскен. Үкіметтік топ COVID-19 оқиғаларының көбеюіне жол бермеу үшін төтенше шараларды ұзартуды кеңес еткен.Әзірге саябақ, кітапхана және мұражайлардың жұмысына санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтау шартымен ғана рұқсат етілмек.
Жапонияда 15 мыңдай адам вирусқа шалдықса, 550-ге жуық науқас қайтыс болған. Сәуірдің басында премьер-министр қалалық аудандар – Токио, Осака және Фукуоканы қамтитын жеті префектурада төтенше жағдай жариялаған. 16 сәуірде ТЖ режимі бүкіл ел бойынша енгізілді. Үкімет басшысы вирустың ел экономикасына келтірген зардабына байланысты Жапонияның 126 миллионға жуық әр азаматына 100 000 йеннен (930 доллар) беруге уәде етті.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр