Қазақстанда алғашқы коронавирус жұқтыру жағдайы анықталған 13 наурыздан бері, 53 күннің ішінде елдегі науқастар саны 4 мыңнан асты.
- Алматы – 1317
- Астана – 701
- Қызылорда облысы – 214
- Шымкент қаласы – 213
- БҚО – 193
- Атырау облысы – 184
- Ақтөбе облысы – 160
- Қарағанды облысы – 159
- Алматы облысы – 156
- Жамбыл облысы – 154
- Павлодар облысы – 150
- Түркістан облысы – 143
- Ақмола облысы – 101
- Маңғыстау облысы – 74
- Қостанай облысы – 50
- СҚО – 30
- ШҚО – 29 адамнан вирус табылған.
Дертінен айыққан 1134 адамның ең көбі астанадан (286), Алматы қаласы (177) және Қызылорда облысынан (138). Басқа өңірлерде сауығып шыққандар саны жүзге жете қоймаған.
Ал қайтыс болған жалпы 27 адамның 8-і Алматы, 5-еуі Шымкент қалалары мен 4-еуі Ақмола облысының тұрғындары. Сондай-ақ астанада 3 науқас, Қарағанды облысында 2 және ШҚ, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында бір адамнан қайтқан.
- 30 сәуір – 264
- 1 мамыр – 195
- 2 мамыр – 260
- 3 мамыр – 63
- 4 мамыр – әзірге 108 науқас тіркелді.
Тұтас әлемді есеңгіреткен жұғуы жылдам әрі аса ауқымды індетті жұқтырушылар саны бойынша Қазақстан қазіргі таңда дүниежүзінде 57-орында тұр.
Қазақстандағы негізгі кейстер реестрі:
- 13 наурыз сағат 14.30 – бірінші науқас (74 күнде)*;
- 13 сәуір сағат 23.40 – 1 000 науқас (31 күнде);
- 22 сәуір сағат 09.25 – 2 000 науқас (10 күнде);
- 27 сәуір сағат 17.40 – 3 000 науқас (6 күнде);
- 4 мамыр сағат 18.35 – 4 000 науқас (7 күнде).
*Wikipedia: 2019 жылы 31 желтоқсан күні Қытайда алғашқы жағдай тіркелді.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова дүйсенбі күнгі денсаулық сақтау министрлігінде өткен брифингте «елде эпидемиология ахуалы тұрақтанғанын» айтып, карантин ақырындап жеңілдейтін болады деді. Оның сөзінше, өткен екі аптадағы коронавирус өсімі 7%-дан аспаған. Сәуір айында жаппай тестілеудің арқасында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1862 жағдай, яғни барлық кейстің 52%-ы анықталған. 17 өңірдің 13-інде кейстер саны жүздің үстінде көрсетуде. Бұған дейін жауапты министрлік мамыр айының соңына қарай індетке шалдыққан қазақстандықтардың қатары 5,3 мыңға дейін жететінін болжаған еді.
Қазір әлемде 3,5 милионнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Олардың 249 мыңға жуығы дерт меңдеп қайтыс болса, 1,1 миллионы ауруынан айығып, үйіне жіберілген.