Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Ресейге ресми сапары қарсаңында республика премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов Мәскеуде жасалатын келісімдер туралы айтып берді. Екі ел арасындағы келісім-шарттардың 3,5 млрд доллар тұратын алғашқы бөлігіне 3 сәуірде Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігінде қол қойылған.
Ресми мәлімет бойынша, Мәскеуде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ресей президенті Владимир Путинмен және премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездеседі. Бұл кездесулер 5 сәуір, сәрсенбіде өтеді деп жоспарланған.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, президент сапары қарсаңында тараптар 16 екі жақты келісімге қол қойған. Бұл құжаттардың жалпы құны - 3,5 миллиард доллар.
Қомақты қаражат тұратын басқа да құжаттарды Кремльде екі елдің президенттері қабылдайды.
РФ Федералдық кеден қызметінің хабарлауынша, өткен жылы Ресей мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллар болған.
“The Qazaq Times”