(Түркия Күркебайұлына арнаймын)
Құсы ғайып болса да ғұмырыңның,
Орыны тауға айналды тұғырыңның.
Білім сепкен бірі едің ағажайдай,
Күлін төккен жұртына тұғырылдың.
Көксңде тас тұманың көзін ашып,
Былымнен бұрлықпайтын бұғы міндің.
Жұрт ұшын жүк көтеріген қара нарым,
Жанарыңды ілсең де тұрып ілдің.
Түркиәсінән айырылған жұрт ұясы,
Ту ретінде тұсырды түңілігін.
Түркиә кім дей көрме қай анадан?
Тұлғасын ойын емес ой ораған.
Алтынына тойса да адам жердің,
Ақылына жақсының тоя ма адам.
Қасқырдай қандасына қас қылмаған,
Адалдық ар-ұжданға бай абадан.
Ағартудың мәуелі байтерегі,
Өркенін сан мың адам саялаған.
Көз жақұтын тауысып дөскә алдында,
Өз бақытын өзгеден аямаған.
Ертіс сен, көктемде тасыған өр,
Мінезің бе үп етіп басылған жел.
Қабырыңды айналып өткен емес,
Қадырыңды білетін ақылман ел.
Өлең төкпей өзіңе тұра алам ба?
Отынға емес оқуға шақырған ер.
Тулаған сағынышымды жеткізерсің,
Түкең салды бауырына жасырған ел.
Аралап ауылыңның кең даласын,
Озгерттің қасаң қалған көз қарасын.
Бір егей еңбегіңді көрді алашың,
Білімге жетеледің бел баласын.
Алпыс нарға жүк Болар ауылыңа,
Ақылдан арып-шаршап берген асың.
Дөкейлердің көбісін ел басқарған,
Доңбек үйде оқытқан сен ғанасың.
Өзіңнен білім алған өгізбен кеп,
Өнерде жүрген ұлан теңізден көп.
Ұстазы Түркиядай болғаннан соң,
Ұстамы нашар екен дегізген жоқ.
Жан едің жұлдыз жанған көкке ғашық,
Сол аспаннан рухың кеткен асып.
Ағартуда қырық жыл басшы болып,
Ағаттықты айта алдың бетке басып.
Алпыс жас жасаған айбозым-ай,
Алпыс жерден кетіпсің мектеп ашып.
Өлеңді оқыған Орал Бөкбайұлы


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі