Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі карантин мерзімін 11 мамырға дейін ұзартты.
Коронавирус пандемиясы жөнінде халыққа үндеуін жасаған Эммануэль Макрон сөзінде: «Гранд-Эст пен Иль-де-Франс өңірлеріндегі ахуал әлі де өте күрделі. Ол жақта науқастарды қабылдау үшін ауруханаларда бос орын болмай тұр. Сондықтан біз осы бір қиын кезеңде бірге болып, енгізіліп жатқан ережелерге немқұрайлы қарамауымыз керек. Өйткені қанша адамның өмірін алып қалатынымыз тікелей сонымен байланысты», — дейді.
Негізінер Франциядағы шектеу шаралары 15 сәуірде аяқталуы тиіс еді. Үндеу барысында Франция басшысы қоғамдық іс-шараларға қатысты тыйым жаздың ортасына дейін сақталатынын жеткізді. Бірақ елдегі білім беру мекемелері мамырдың он бірінен бастап қайта жұмысқа кіріседі. Ал еуропалық емес мемлекеттерге ел шекарасы карантин мерзімі аяқталған соң да жабық күйде қала бермек. Мемлекет басшысының айтуынша, қазір Францияда коронавирустың қарқыны бәсеңдей бастаған. Соңғы деректерге сүйенсек, Францияда 138 мың науқас тіркелір, 15 мыңға жуық адам қайтыс болған.