Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас Еуропалық Комиссия Венгрияның премьер-министр Виктор Орбанның төтенше өкілеттіктерге ие болу үшін қабылдаған шаралары Еуропа заңдарына сәйкес келмейтінін айтып, санкция енгізілуі мүмкін деді. Бұл туралы неміс министрі жұмада Еуроодаққа мүше елдердегі әріптестерімен өткен видео конференциядан кейін мәлімдеді.
«Еуропалық Комиссия Венгрия қабылдаған шаралар жалпы еуропалық заңдарға сәйкес келе ме деген мәселені қарастырады», — деді ол. Оның айтуынша, ЕО-ның ұзақ мерзімді қаржылық жоспары бойынша алдағы келіссөздерде негізгі құқықтардың бұзылуы заңға қайшы. Сол себепті одақ тарапы Будапештке санкция енгізуі мүмкін.
Үкіметтің үштен екі бөлігі басқарылатын FIDES-Мажарстандық Азаматтық Одақ партиясына тиесілі Венгрия Ұлттық Ассамблеясы 30 наурызда коронавирустың таралуына қарсы күресте премьер-министрдің өкілеттігін ұзартқан. ЕО басшылығы бұл шешімді қатаң айыптаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті