Коронавирустың жаңа түрімен күресу және пандемия жағдайында альянстың жұмысын жалғастыру НАТО сыртқы істер министрлері қатысатын видеоконференциясының басты тақырыбы болады.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, бейнеконференция жабық түрде өтеді, сондықтан оның құпиялылығына кепілдік беріледі.
Столтенберг сөзінде: «Коронавирусқа қарсы күрес НАТО сыртқы істер министрлерінің алғашқы видеоконференциясының басты тақырыбы болады. Министрлер дағдарысқа жауап беру үшін НАТО-ның мүмкіндіктерін қалай тиімді пайдалану керектігін талқылайды.
НАТО жаһандық эпидемиологиялық дағдарыстың қауіпсіздік дағдарысына айналуына жол бермейді, сондықтан министрлер альянс операцияларын пандемия жағдайында да жалғастыруды талқылайды», — деді.
Ол «қазіргі дағдарысқа жауап ретінде одақ пен оның елдері қабылдаған шараларды» қарастыратынын атап өтті.
«Біздің әскери ұшақтарымыз медициналық жабдықтар мен ауруханаларға арналған төсек-орындарды жеткізді. Дәл бүгін таңертең бірнеше ұшақтар Түркиядан Италияға және Испанияға НАТО-ның дағдарысқа қарсы әрекет ету жөніндегі үйлестіру орталығы арқылы медициналық заттарды жеткізді. Германияда бос орындар бар, Италия мен Франциядан пациенттер қабылданады. Дәрігерлер Албания мен Польшадан Италияға барды. Америка Италияға медициналық жабдықтарды жеткізді, Чехия Италия мен Испанияға 20 мың қорғаныс киімдерін берді», — деді Столтенберг. Оның айтуынша, НАТО елдерінің әскери күштері өз елдеріндегі эпидемияға қарсы шараларға да қатысады: науқастарды тасымалдауға және қоғамдық ғимараттарды дезинфекциялауға қатысады, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтайды.
Қазір әлемде 937 170 адам дертке шалдығып, 47 267 адам көз жұмған. Көптеген елдер коронавирусқа қарсы күрес мақсатында төтенше жағдай енгізіп, карантин режиміне көшті. Өткен аптада G20 саммитінің бейнеконференциясы осы мәселе жөнінде ұйымдастырылған.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Ирандағы толқулар және Түркияның ұстанымы: сақтық, прагматизм және геосаяси есеп
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Иран: экономикалық күйзеліс пен саяси легитимдік дағдарыс