Ресей ақпараттық агенттіктері мен мемлекеттік телеарналары, Ресейдің екінші ірі қаласы Санкт-Петербург метросында жарылыс орын алды. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 47 жараланған. Ал басқа станцияда тағы бір қолдан жасалған жарылғыш зат анықталып, қауіпсіздік органдары жарылыстың алдын алып үлгерді.
Интерфакс ақпараттық агенттігінің жарылыс оқиғасын жанкешті ұйымдастырды деп хабарлады. Аталған агенттік полицияның бастапқы мәліметіндегі деректерге сілтеме жасап, жарылысты жасаған күдікті 23 жастағы орта-азиялық азамат екенін айтты.
ҰАК хабарлауынша, террористтер қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланған. Комитет келтірген болжамдарға сәйкес, жарылғыш затты пойызға портфельмен алып кірген болуы керек. Жарылыстың салдарына қарағанда, жарылғыштардың саны екеу болуы да мүмкін.
Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, жарылыс 14:40 шамасында "Сенная площадь" станциясынан шыққан пойызда орын алған. Сонымен қатар, "Площадь Восстания" станциясында екінші қолдан жасалған жарылғыш зат анықталып, Ұлттық антитеррористік комитетінің мәлімдеуінше, толықтай залалсыздандырылған.
Оқиға туылған орынға төтенше жағдай департаментінің құтқарушы қызметкерлері мен медициналық жедел жәрдем тез арада жетіп, алғашқы құтқару жұмыстары мен медициналық көмек көрсеткен. Интерфакс (Интерфакс) және ИТАР – ТАСС-тың бастапқы көрсеткен деректері бойынша оқиғадан 10 адам қаза болған.
Аталған оқиға туралы Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлама жарияланып, Ресей президентінің оқиғадан хабардар болғанын және бұл істі тексеріп анықтау мен зардап шеккендерге көмек көрсету ісін тікелей өзі қадағалайтынын айтты.
“The Qazaq Times”