22 наурыз түнгі сағат 00.00-де Алматы мен астана жабылып, екі қалаға қатынайтын пойыздар мен ішкі рейстер толық тоқтайды.
Карантин уақытында азық-түлік сататын сауда орындары, саябақтар жұмыс істей береді. Дәмхана, мейрамханалардан тамақты сатып алып кетуге ғана болады.
Қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов дәл осы күні құтқару қызметі, жедел медициналық жәрдем көліктерінің өтуіне ғана рұқсат беріледі деді. Сол себепті қалаға кіргісі келгендер немесе шығатындар осы уақытқа дейін Алматыға кіріп немесе қаладан шығып үлгеруі тиіс.
Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан президенті елдің бүкіл аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Астана және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілді. Бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленді. Қажет болған жағдайда төтенше жағдай мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37-ге жеткен. Олардың 19-і - Алматыда, 18-і астанада емделіп жатыр. Олардың арасында екі бала бар.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр