Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан алғашқы екі пациент тіркелді.
Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, Алматы қаласына Германиядан ұшып келген екі қазақстандық жұқтырған.
«Өкінішке орай, мен бүгін мұқият тексеруден кейін екі азаматқа инфекция оң нәтиже көрсеткенін растап, хабарлауға мәжбүрмін. Басқа карантинге жатқызылғандарда әзірге клиникалық белгілер жоқ, өзін жақсы сезінеді. Барлық қажетті шаралар қолға алынып жатыр», - деді министр.
12 наурыз қонған ұшақтағы 12 азамат ауруханаға жатқызылған, оның біреуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Ал 9 наурыз ұшып келген борттағы 73 жолаушының бірінен аталған инфекция табылған. Екі науқаспен байланыста болған 85 адамға қатысты ақпарат анықталып жатқан көрінеді.
Науқас екі адамның бірі ер адам - 46 жаста, ал екіншісі әйел кісі - 36 жаста. Екеуі де Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, сондықтан мекеме бүгіннен бастап карантин режимінде жұмыс істейді.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусына байланысты пандемия жариялады. ДДСҰ басшысы соңғы екі аптада Қытайдан басқа елдерде коронавирус жұқтырған жандардың саны 13 есе, ал, вирус тіркелген елдер саны 3 есе өскенін хабарлады.
(ақпарат толықтырылуда)


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі