Нью-Йорк штаты мен қаласының басшылары Эндрю Куомо және Билл Де Блазио бірқатар нақты шешім қабылдады. Бұл туралы халықаралық The Guardian басылымы хабарлады.
Нью-Йорк қаласының мэрі Билл Де Блазио келесі аптада мыңға жуық науқас тіркелуі мүмкін деген болжам негізінде бейсенбі күні төтенше жағдай жариялады. Әкімнің сөзінше, ТЖ енгізу арқылы нақты қадамдарды іске асыруға мүмкіндік жеңілдейді.
Билл миллиондаған тұрғыны бар қаланың жағдайына қатысты тараған қауесеттерді түбегейлі жоққа шығарды.
Транспорт басқармасының ресми уәкілі Аарон Донован теміржол қатынасы үзілмейтінін хабарлады.
Ал Нью-Йорк штатының басшысы губернатор Эндрю Куомо кеше коронавируспен күрес бағытында 500-ден көп кісі қатысатын көпшілік жиынынына шектеу қойды.
Сондай-ақ жексенбі Шер, Блейк Шелтон, Дэн + Шей мен Билли Эйлиш өнер көрсетеді деп жоспарланған Мэдисон Скуер Гарден сахнасындағы ән кеші де өтпейтін болды. Бродвей театрлары кешелі бері өз жмысын тоқтатты.
Bloomberg агенттігінің бүгінгі дерегінше, АҚШ-та 1620 науқас анықталып, оның 40-қа жуығы көз жұмған. Нью-Йорк штатында қатерлі дертке шалдыққандар саны 325-ке жеткен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді