Құрама Штаттың полициясы балаларды қамап ұстап, атыс қаруларын пайдалануға жаттықтыратын жасырын лагерді тауып шықты. Лагерде 1 жастан 15 жас аралығындағы арып-ашып, әбден қинау көрген 11 бала табылған. Бұл туралы хабар тарасымен әлемнің ақпарат кеңістігін дүр сілкіндірді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарында, бұл лагерде Сираж ибн Вахаж атты адамның мектептерге террорлық шабуыл жасауға пайдалану үшін балаларды дайындап жүргенін жазды.

Нью-Йорк штатынан табылған бұл заңсыз әрі жасырын лагерден екі ер, үш әйелді полиция қамауға алып тергеуде. Болжамдар бойынша, үш әйел сондағы балалардың анасы болуы мүмкін делінген. Тергеу-тексеру кезінде лагер маңынан балалардың сүйегі де табылған.  

Сираж ибн Вахаж былтыр қарашада «өз баласын ұрлап кеткен» деген айыппен тергеуге алынған. Сот кезінде баласының талма ауруы бар екенін белгілі болған. Вахаж баласына жын кіріп кетті деп оңашада дұға оқып емдеп жүргенін айтқан.

Балалардың азапталғаны мәлім болды. Фото: BBC.

Жасырын лагерді тексеру барысында балалардың ауыр азап көргені мәлім болған. Прокуроатура жақ сот біткенше Сираж ибн Вахажды кепілдікпен босатуға болмайтынын айтады.

Мәліметтерде, полицияның жасырын лагер туралы білгеніне біршама уақыт өткен. Одан бері тергеу-тексеру бұйырығын күткен және лагерде қарулы экстремистік топ болуы мүмкін деп болжанған.

Нью-Йорк басылымдары қаумауға алынған ибн Вахажбен Бруклиндегі танымал имам Сираж Вахаждың туысқандық байланысы болуы мүмкін деп жазған. Тіпті әкелі-балалы Вахаждар болуы мүмкін делінді. Имам Вахаж болса АҚШ-тағы мұсылмандар мен өзге де дін өкілдері арасында аса танымал адам.

 “The Qazaq Times”