АҚШ ресейлік «Роснефть»-ке еншілес компания TNK Trading International SA-ға санкциялар енгізді. Бұл туралы бейсенбіде АҚШ Қаржы министрлігі шетелдік активтерді бақылау департаменті (OFAC) хабарлады.
Ведомство хабарламасында: «Шетелдік активтерді басқару кеңсесі бүгін TNK Trading International SA компаниясына Венесуэла экономикасының мұнай секторындағы операциялары үшін санкциялар енгізеді. Компания Швейцарияда тіркелген және» Роснефть «мемлекеттік компаниясының еншілес кәсіпорны», — делінген.
18 ақпанда АҚШ әкімшілігі Венесуэладан мұнай сатылуына байланысты «Роснефть TNK Trading International» және оның президенті Дидье Касимироға санкция енгізетінін хабарлады. Қара тізімге іліккендерге АҚШ азаматтары немесе компанияларымен бизнес жүргізуге тыйым салынады.
Венесуэланың PDVSA мемлекеттік мұнай компаниясы өнімдері мен есепшоттарын Ресейдің «Роснефть» компаниясына өткізгендігі мәлім болды. Ал «жасырын қызметі» үшін Ресей Венесуэладан көп көлемде қаржы алған. Осыған байланысты АҚШ үкіметі PDVSA компаниясының мұнай өнімдерін сатып алуға санкция енгізген болатын. Сонымен қатар Венесуэланың Орталық банкіне де санкция жариялап, АҚШ долларын алуға тыйым салынды. Дональд Трамтың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтонның айтуынша, бұл әрекет – елдің қазіргі президенті Николас Мадуроның әскери қуатын арттыруға көмектесіп отырған Ресей мен басқа елдерге жасалған ескерту. Кеңесші Венесуэлада ресейлік әскерилердің жүруін «арандату» және «ел қауіпсіздігіне төнген қатер» деп атады.
Осыған дейін Венесуэлада орын алып жатқан дағдарысқа тосқауыл болу үшін Ресей Каракасқа әскер жіберген болатын. Ресми Мәскеу «диктатор» атанған Венесэула президенті Николас Мадуроға қолдау блідіретінін айтты.
«Роснефть» — PDVSA мемлекеттік компаниясымен бірге мұнай барлау және өндіру бойынша бірнеше жобаларды жүзеге асыратын Венесуэладағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Компанияларда сондай-ақ Perforosven мұнай кәсіпшілігінде сервистік бірлескен кәсіпорны бар.