Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли елімізде Наурыз мейрамы мен Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты кейінге шегергенін мәлімдеді.
Ол өзінің Facebook парағында президент Тоқаев елімізде короновирустың алдын алу мақсатында Наурыз мейрамын, Жеңістің 75 жылдығын, сонымен қатар жоспарланған басқа да халықаралық форумдардың уақытын өзгертуді тапсырғанын жазды.
«Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды», – деп жазды Берік Уәли.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, Тоқаевтің қатысуымен өтетін «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» салтанатты жиыны кейінге қалдырылған.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?