Жақында саяхатшылардың қалтасына қолайлы, разан қалалардың тізімдігі жарияланды. Рейтингті Price of Travel саяхат компаниясының мамандары түзіп шыққан.
Рейтинг анықтау кезінде мамандар әлемдегі қалалардың бір күндік демалу құны қанша болатынын есептеген. Оған ішіп-жем, жол ақы, қонақ үй бағасы, аттракцион бәрі кіреді.
Солай есептей келгенде, Непалдың орталығында орналасқан Покхара қаласы ең арзан екені анықталған. Бұл қалада күніне 17,7 доллар жұмсасаңыз жетеді. Ал, екінші орында Вьетнамның астанасы Ханой қаласы тұр. Ханойда 18,3 доллармен бір күніңізді жақсы өткізе аласыз. Үшінші орында да осы елдің қаласы Хошимин тұр. Баға – 18,4 доллар. Ары қарай 18,7 доллармен Мысырдың Каир, 18,8 доллармен Тайландтың Чинангмай қалалары қол бұлғап тұр.
“The Qazaq Times”

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды