12 қазан сенбі күні Үндістан сапарын аяқтаған Қытай басшысы Ши Жинпиң Непалға барды. Бұл Қытай басшысының 20 жылдан бері алғаш рет Непалда ресми сапармен болуы.
Associated Press хабарына қарағанда, Қытай басшысын әуежайда Непалдың әйел президенті Бидхя Деви Бханди және премьер-министр Шарма Оли қарсы алған.
Мәліметтерге қарағанда, екі тарап кеше ресми келіссөздер өткізген. Келіссөз кезінде Гималай тауы арқылы өтетін жол құрылысы және үкіметтер ара қуғындалған жеке тұлғаларды ұстап беру туралы келісімшарттар жасасқан. Сондай-ақ, Тибет автономиясы мен Непалды тұтастыратын темір жол құрлысының жобасына қол қойған.
Непал ресмилерінің мәлімдемесінде, экстрадициялау туралы келісімге бірден қол қоймайтынын жеткізген. Соңғы жылдары Қытай Непалмен шекаралас аудандарда шекара қауіпсіздік шараларын күшейткен және транс-шекаралық қылмыстық топтарды жоюға күш салуда.
Ал, VOA агенттігінің хабарына қарағанда, Қытай басшысының сапары кезінде наразылық шараларының алдын алу үшін Непал полициясы 22 адамды қамауға алған.
Ши Жинпиң Непалға Үндістан сапарынан кейін ат басын бұрған. 1996 жылы Қытай басшысы Жияң Зымин (Цзян Цзэмин) Непалға мемлекеттік сапармен барған. Одан кейін екі ел арасында жоғары деңгейдегі алмасулар болмаған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау