Кеше, наурыздың 3-і Шымкенттегі әкімшілік изолятордың және Оралдағы әкімдік ғимаратының алдына жиналған он шақты азамат Жәкішевтен өзге де «саяси тұтқындарды» босатуды талап етті.

Шымкент белсенділері осыған дейін бірнеше рет қамалған Мұрат Байдәулетовті кезекті әкімшілік жазасын өтеп шығуымен күтіп алды.

«Мұхтар Жәкішев саяси көзқарасы үшін сотталды» деп санайтын олар «Қазақстанда саяси тұтқындар көп, олардың бәрі де босатылуы керек» деген талап қойды. Сондай-ақ Азаттықтың айтуынша, наразылар қолына «Саяси тұтқындарға бостандық!» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан әрі «Көше партиясы жасасын!» деп ұрандатыпты.

Дәл осы күні Орал қаласының әкімдігі алдындағы Абай алаңында  үш «саяси тұтқындарды дереу босатуды және белсенділерді қудаламауды» талап етті.

Азаттықтың хабарлауынша, акцияға қатысқандардың қолында «Саяси тұтқындарға бостандық! Арон Атабек, Макс Боқаев, Мұхтар Жәкішев» деген жазуы бар плакат болған.

Зейнеткер Қалиолла Гумаров «Дулат Ағаділді өлтірді. Жәкішевтің денсаулығы нашарлағанын естідік. Мұхтар Жәкішевтің талантын бәрі мойындайды. Оның еш кінәсі жоқ. Мен өзім науқаспын. Бірақ соған қарамастан алаңға келдім. Барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етемін», – дейді.

Жарты сағатқа созылған акция барысында өзін әкімдік өкілі деп таныстырған қызметкер пикетті тоқтатуға шақырғанымен наразылар оған құлақ аспаған.

Кеше 2009 жылдың мамыр айынан бері абақтыда отырған технократ өнертапқыш, «ҚазақАтомӨнеркәсіп» компаниясын он жыл басқарған бұрынғы , құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» санатына қосқан Мұхтар Жәкішевке сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға үкім шығарды.

“The Qazaq Times”