Израильде 29 партия мен бірлестік қатысқан кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Бұл соңғы бір жылда елде өтіп жатқан үшінші сайлау.
Бұған дейін өткен екі сайлаудан кейін үкімет құруға арналған әрекет нәтиже берген жоқ. Билік үшін басты бақталас ретінде премьер-министр басқаратын Ликуд партиясы және генерал Ганц жетекшілік ететін Ақ-көгілдірлер партиясы аталып отыр.
Соңғы мәліметтер бойынша, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы алда келеді. Бұл партия өз бетінше үкімет құру үшін Кнессеттегі 120 орынның 61-ін алуы керек. Нетаньяху өзінің Twitter парақшасында: «Біз халықтың сенімі мен мақсаттарымыздың арқасындажеңіске жетті. Енді басқа партия өкілдерімен кездесіп, тұрақты, мықты үкімет құрамыз», – деп жазды.
Негізінен Израильдің 6 жарым миллион халқы сайлау құқығына ие. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, соңғы 11 айда сайлау ұйымдастыруға 800 миллион доллар жұмсалған.
29 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жөнінде бейбіт жоспарын жариялап, Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде сақтап қалуға уәде еткен. Трамптың ойынша, Иерусалимнің шығыс бөлігі Палестинаның астанасы болуы керек. АҚШ президентінің жоспарын Израиль қолдағанымен, Палестина тарабы түбегейлі қарсы.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті