Израильде халық премьер-министр Биньямин Нетаньяхудвң отставкасын талап етіп митингке шықты.
71 жастағы Нетаньяху парақорлық, алаяқтық және үш түрлі іс бойынша сенімге қиянат жасады деген айып тағылған. Сот процесі қайта жалғасқан тұста Нетаньяхуда коронавирус пандемиясына қарсы шараларына қарсылық күшейе түсті. Үкімет індеттің бірінші толқынын кері қайтарғандай болған еді, карантин шектеулерін алып тастау аурудың қайта өршуіне әкелді. Тұрғындар Нетаньяху мен оның үкіметі коронавирус дағдарысымен күрестің орнына басқа бағыттарға басымдық беріп отыр деп наразылық білдіріп жатыр.
Ресми мәліметтер бойынша, Израиль үкіметі пандемия жағдайында әлеуметтік көмек ретінде миллиардтаған доллар бөлетінін айтты, бірақ ақша мұқтаж тұрғындарға жетпеді. Ал ел азаматтарын бай-кедей деп бөлмей бәріне бердей төлем жасау туралы жоспарын беделді экономистер сынға алды. Індеттің бірінші және екінші толқындары жұмыссыздықты 3,9%-дан 20%-ға көтеріп жіберген.
Израильдің премьер-министрі Нетаньяхуға айып 2019 жылғы қарашада тағылған. Бас прокуратура Нетаньяхуға мен оның отбасы 2007-2016 жылдар аралығында америкалық продюсер Арнон Милчен мен австралиялық бизнесмен Джеймс Пакерден жалпы сомасы 250 мың доллар көлемінде сыйлық қабылдаған деп айыптады. Нетаньяху тағылған айыпты жоққа шығарды.
Өткен аптада оппозициялық «Еш Атид» партиясы коалициялық үкімет құрып, бұл туралы Израиль президентін хабардар еткен болатын. Саяси дағдарыс орын алған Израильде оңшыл «Ямина» партиясының басшысы, бұрынғы Қорғаныс министрі Нафтали Беннет пен «Еш Атид» жетекшісі Яир Лапид коалициялық үкімет құрмақ. Қос саясаткердің жоспары нәтижелі болса, Израильде соңғы 12 жылда алғаш рет Биньямин Нетаньяхусыз үкімет жасақталады.