Иран парламенті мәжілісі коронавирус дертінің ушығуына байланысты бірқатар жұмысты кейінге шегерді. Бұл туралы парламент президиумының мүшесі Мохаммад Али Вакили хабарлады.
«Президиум коронавирустың таралу қаупіне байланысты келесі аптада қоғамдық тыңдау өткізбеу туралы шешім қабылдады», — дейді. Депутаттың айтуынша, бюджет жобасын қарау да келесі аптаға қалдырылады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігі 19 ақпанда елде жаңа коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары туралы хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, Иранда вирус жұқтырғандар саны 388-ге жетіп, кем дегенде 34 адам қайтыс болған.
Вирустың кең таралуына байланысты Түркия, Тәжікстан Иранмен арадағы шекараны жауып, әуе қатынасын тоқтатты. Бұл мәселе жөнінде Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа: «Ирандағы коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты көршілес елмен шекарамызды жабу жөнінде шешім қабылдадық. Жағдайға қатысты сыртқы істер, ұлттық қорғаныс, ішкі істер, көлік, сауда және басқа да тиісті министрліктермен қажетті шараларды қабылдадық. Сондай-ақ бұған дейін Ираннан келген барлық жолаушылардың медициналық сараптамалардан өткендігін жеткізгім келеді», – деді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні