Ел астанасында тергеу изоляторында қаза болған азаматтық белсенді Дулат Ағаділді бүгін қалың қаралы жұрт болып жер қойнына тапсырды. Әлеуметтік желілерде және бірқатар ақпарат құралдары таратқан видео жазбалардан Дулат Ағаділдің азалы жиынына қатысқан жұрттың айтарлықтай көп екенін көруге болады.
Осымен бір уақытта Алматыдағы "Республика" алаңының маңында да белсенділер жиналып, Дулат Ағаділдің өліміне байланысты аза тұтты. Жиналғандар арасында Балташ Тұрсымбаев және Жасарал Қуанышалин қатарлы қоғам қайраткерлері де бар.
Жиналғандар Дулат Ағаділдің өліміне тікелей билік кінәлі, билік бұл арқылы қоғам белсенділерін қорқытуды көздеп отыр, билікке қарсы шықпауға көндіргісі келеді деп санайды.
Алматыда аза тұтқан жұрт Дулат Ағаділдің жер қойнына тапсырылғанын естігеннен кейін марқұмға арнап құран бағыштады.
Белсендіні саясаи жүйенің құрбаны деп санайтын жұртшылық Батыс Желтоқсан-Махатма Ганди көшелерінің қиылысындағы Алматы қалалық прокуратурасы ғимаратының алдына барып, "бостандық", "22-сі ұсталғандар босатылсын", "Ағаділдің өлімі әділ тергелсін" деп ұрандасты.

Алматыдағы азалы жұрт












                                                        





                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                    
                                        Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
                                    
                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                    
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                    
                                        Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                    
                                        Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті