Қазақстан мен Өзбексатнның аймақаралық ынтымақтастығының II форумында тараптар 52 келісімге қол қойды. Қорытынды отырысқа 300-ден аса адам, қатарында екі премьер-министрлері Асқар Мамин мен Абдулла арипов қатысты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Қазақстан тарапы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» АЭА базасында жеңіл өнеркәсіп бойынша Қазақстан-Өзбекстан кластерін құру, Түркістан, Ташкент, Самарқан, Бұхара және Хорезм облыстарындағы туристік нысандар бойынша бірлескен туристік бағыттар ашу, көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтарды бірлесіп дамытуды ұсынды.

«Қазақстан үшін сіздің ел – Оңтүстік Азияға шығу жолы, Өзбекстан үшін біздің аумақ – ЕАЭО және Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ бен Еуропа елдерінің нарығына шығу мүмкіндігі», – деген А.Мамин, «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша бірлескен іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Форум соңында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы 52 құжатқа, оның ішінде форумның қорытынды декларациясына, сондай-ақ машина жасау, ауыл шаруашылығы, қаржы-банк, өнеркәсіп, инфрақұрылым, фармацевтика және басқа да салаларда жалпы сомасы $500 млн жуық болатын ведомствоаралық, аймақаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

"The Qazaq Times"