Абай мұрасы қазақ мәдениетін алыс-жақын шетелге танытқан алтын көпір іспетті. Адамзаттың ақылманына айналған Абайдың 175 жылдық мерейтойы Еуропа елдерінде де аталып өтті. Ақын шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында Польшадағы Адам Мицкевич атындағы оқу орнына Абай бюсті табысталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униерситетінің ұстаздары мен студенттері мұрындық болған шарада Саяси ғылымдар және журналистика факультетінің кітапханасына Фараби орталығы баспадан шығарған туындылар, әл-Фараби бейнесі салынған кілемше, Шығыс тілдері факультетінің ұжымына Абай Құнанбайұлының бюсті табыс етілді. Жиын кезінде оқу орнының проректоры, профессор Тадэуш мырза: «Абайдың өміршең поэзиясының орны бөлек. Оның әдеби туындыларының астарына үңіліп қарасаңыз үлкен мағына жатыр. Оның пәлсапалық өсиеттері мен шығармалары уақытпен үндес»,– деді.
Абай тойының Познань қаласындағы Мицкевич оқу орнында аталып өтуі бекерден болмаса керек-ті. Поляк ақыны Адам Мицкевичтің өлеңдерін шығыс ақындарынан бірінші болып аударған да Абай болатын. Жалынды патриот, демократ, революционер, халықтар ынтымағы мен достығының жаршысы болған Мицкевичтің әдеби мүрасын прогресшіл адамзат қадір түтады. Ақынның гуманистік, халыққа деген сүйіспеншілік рухы Абай Қүнанбаев арқылы қазақ даласына сонау өткен ғасырда-ақ жеткен.
Мицкевич пен Пушкиннің айырылмас достығы, Пушкиннің поляк досына арнап («Ол біздің арамызда», «Фонтандар салқын самалында») жазған өлеңдері мен бірнеше романтикалық поэмаларын аударды, бүған қазақ ақынының да ықыласы аууы, дәл сол кезде Минаев аударған, Н.П. Полевой редакциялаған Мицкевич шығармасының екі томдығы 1882 жылы Санкт-Петербургте басылып шығуы Абайға көп көмегін тигізсе керек. Мысалы, Мицкевичтен Абай аударған «С.Б. альбомына» өлеңдері: «Дүрілдеген нажағай», «Бүрқыраған жауын», «Бағы қайтқан қауым» тэрізді бейнелі сөздері арқылы өлеңге қоғамдық-саяси рең береді. Осылайша қазақтарды Батыс Еуропа әдебиетінің кейбір үлгілерімен таныстыруда, ол шығарманың ел арасына ауызша эңгіме түрінде кең тарауында А.Қүнанбаев үлкен рөл атқарған.