Қордай ауданында болған бүліктен 19 полицей жарақат алыпты. Оның 9-ы атыс кезінде мертіккен.
ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа порталында жарияланған дерек бойынша, арнайы жасақ инспекторының беті мен сол аяғына оқ тисе, тағы біреуіне аяқ сан тұсынан жараланған. Қордай ауданында тәртіп орнатуға Жамбыл және Алматы облысы полиция департаменттерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері қорғаныс құралдарының арқасында аса көп жарақат ала қоймаған көрінеді. Диагнозы жеңіл сарбаздар медициналық көмекке жүгініп, ем-дом алған соң, қайтадан қатарға қосылыпты. Алайда оқ тигендер арасында Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Серік Жүнісбеков те бар. Оған арнайы ота жасалған, қазіргі таңда денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қылмыстық кодекстің 380-бабы, яғни "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел