Қытай өзін Арктикаға жақын ел ретінде көрсеткісі келеді және соңғы жылдары Солтүстік Мұзды мұхиттағы қимылдарын жиілеткен. Қытайдың бұл қадамдары бәрінен бұрын Құрама Штаттарды алаңдатуда, АҚШ тарабы Арктикада үлесі бар елдерге Қытайдың аймақтық қауіпсіздікке төндіретін қатері туралы ескертіп келеді.
Бейсенбіде Норвегияның АҚШ-тағы елшілігінде Арктикаға қатысты көптеген елдерінің үкіметтері мен азаматтық қоғам өкілдерін жаһандық жылынуға байланысты Арктиканың алдында тұрған қауіпсіздік мәселелерін талқылауға шақырды. Осы жиында олар Ресей мен Қытайдың Арктика ықтимал қатерлері туралы көбірек айтқан. Шыны керек, климат, қоршаған ортаны тақырып еткен осындай жиналыстардың көбі саяси түс алып, державалар арасындағы бақталастық анық көрініп жатады.
АҚШ-тың теңіз әскери күштерінің өкілдері Қытайдың Оңтүстік қытай теңізіндегі әскери қимылдарын алға тарта отырып, Бейжің билігі болашақта Арктикада да әскери белсенділікке қабілетті екенін айтады.
Әрине, біз климат өзгерістерін жай көзбен де көріп отырмыз. Дегенмен, державалар климат өзгерістеріне қарсы науқаншылдықты көбіне көп өздерінің стратегиялық мүдделеріне пайдалануға тырысып жатқаны байқалады. Ал, Арктика мен Антрактидаға қатысты дау-дамай 10 жылдан кейін бүгінгі Орта Шығыс мәселесінен де асып түседі деп болжайды тәуелсіз сарапшылар.