Сәрсенбі күні АҚШ-тың 35 конгрессмені Әділет департаментіне бірлескен хат жолдаған. Хатта олар Қытайдың China Daily ресми басылымы АҚШ-тың «Шетелдік ақпарат құралдарын тіркеу туралы заңын» (FARA) бұзды деп айыптап, аталған басылымға қатысты тергеу жүргізуді талап еткен.
Шағымданушылардың айтуынша, China Daily 2012 жылға дейін өзге басылымдардың жарнама орындарын сатып алу туралы АҚШ Әділет министрлігіне ешқандай есеп бермеген, сондай-ақ, бұл қытайлық басылым China Watch жарнамаларына қатысты қаржылық есептер туралы мәліметтерді жасырған.
China Daily АҚШ-та 1983 жылы шетелдік ақпараттық агенттік ретінде тіркелген. АҚШ-тың «Шетелдік ақпарат құралдарын тіркеу туралы заңы» (FARA) шетелдік ақпарат агенттіктерінен «екі немесе одан да көп адам жүктеген» жарнамалық материалдардың көшірмелерін Әділет министрлігіне ұсынуды, сонымен бірге, қаржылық шығындары туралы есепті екі жылда бір рет көрсетіп отыруды талап етеді.
Соңғы 30 жыл ішінде China Daily АҚШ-тың бірқатар ірі басылымдарында жарнамалық бөлімдерді сатып алып, өзінің жаңалықтар мақалаларына ұқсайтын «China Watch» мақалаларын жариялап отырған.
«China Daily - бұл Қытай Коммунистік партиясы режимнің жалғасып жатқан зұлымдықтарын жасыру үшін пайдаланатын жексұрын үгіт-насихат құралы», - деді Джим Бэнкс, бірлескен хатты ұйымдастырушы және Индиана штатының республикашылы. Шағымданушы конгрессмендер Әділет департаментінен China Daily-дың FARA ережелерін бұзуы оның экономикалық, құқықтық салдары туралы анықтауды талап етті.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі