Еуропалық Парламент Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы келісімін мақұлдады.
ВВС мәліметінше, құжатқа 621 депутат қолдап дауыс беріп, 49-ы қарсы болған. 13-і қалыс қалды. Енді құжатты 30 қаңтарда оны Еуропалық одақ кеңесі бекітуі тиіс.
13 желтоқсанда елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтіп, нәтижесінде басқарушы партия жеңіске жеткен болатын. Кейіннен премьер-министр Борис Джонсон 31 қаңтарға белгіленген жоспар Лейбористер партиясының қарсылығына қарамастан міндетті түрде жүзеге асады деп уәде берген.
Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін аралық кезең басталады. Ол 2020 жылы 31 желтоқсанға дейін созылады. Осы уақыт аралығында Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында жаңа сауда келісімі жасалады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел