1 ақпаннан бастап ақша айырбастау талаптары күшейтілмек. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы хабарлады.
Енді ақша айырбастайтын кезде мекен-жай емес, жеке куәлік сұралатын болады. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер арқылы ақша айырбастау пунктерінің жарғылық капиталы артады және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландырудың алдын аулуға бағытталған.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры Ләззат Үсенбекова: «Валютаны айырбастаған кезде валютаның құны айырбастау пунктерінде Қазақстан қор биржасының курсына байланысты негізделеді. Ал Қазақстан қор биржасының саудасы күндізгі уақытта жүргізіледі. Соңғы сауда сағат 17:00-де бітеді. Ал бұрынғыдай түнімен жасай берсе, айырбастауды ертеңіне Қазақстан қор биржасының бірінші саудасы ашылып, жабылғаннан кейін курс мүлдем басқа болып өзгеріп кетуі мүмкін», – дейді.
Сонымен қатар, жаңа заң бойынша айырбас пунктері таңғы тоғыз бен кешкі сегіз аралығында жұмыс істейді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы