Ақ үй әкімшілігі Беларусь, Қырғызстан, Нигерия, Мьянма, Судан, Танзания мен Эритреяны АҚШ-қа кіруге шектеу қойылған елдер тізіміне енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «The Wall Street Journal» және «Politico» басылымы хабарлады.
«Қара тізім» әлі нақтыланған жоқ және өзгеруі мүмкін. Соңғы нұсқа 27 қаңтарда жарияланбақ. Ескеретін жайт, аталған мемлекет азаматтарына Америкаға сапарлауға түбегейлі шектеу қойылмайды. Бірақ іскерлік немесе туристік визалардың кей түрлеріне шектеу қойылуы мүмкін.
Ақ үйдің ресми өкілі Хоган Гидли: «Егер ел АҚШ-тың иммиграциялық бағдарламаларына толық қатысу үшін тізімдегі мемлекет азаматтары қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күрестің барлық шараларын сақтауы тиіс», – деп мәлімдеді.
Былтыр қарашада CNN телеарнасы АҚШ үшін «қара тізімге» енетін елдер саны артады деген болатын. Беларусь Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тан ресми хабарлама алмағанын, сол себепті бұл жөнінде мәлімдеме жасамайтынын айтты.
2017 жылдың қаңтарында Дональд Трамп Иран, Ирак, Сүрия, Ливия, Йемен, Судан және Сомали сынды жеті ел азаматтарына АҚШ-қа кіруге уақытша тыйым салу туралы Жарлыққа қол қойған. Сол жылы наурызда Ирак тұрғындарына кіруге рұқсат берілді. Қыркүйекте жаңа көші-қон Жарлығына КХДР, Чад азаматтарын (тыйым 2018 жылдың сәуірінде жойылды) және Венесуэла шенеуніктерін қосты.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі