Америкалық сарапшылар Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынаққа дайындалып жатқаны туралы мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп келесі айда ҚХР төрағасы Ши Жинпинмен келіссөз өткізуге әзірленіп жатқаны да белгілі болды. Бұл кездесуде Солтүстік Корея ядролық мәселесі басты назарда ұсталады деп күтілуде. Бұл туралы танымал “The Wall Street Journal” басылымы хабарлайды.
АҚШ сарапшылары спутниктік бақылау арқылы түсірілген суреттерге талдау жасап, Солтүстік Корея солтүстік шығысы өңірінде жаңа ядролық сынаққа әзірленіп жатқанын мәлім етті. Осы аумақта бұдан бұрын да ядролық сынақтар жүргізілген болатын. Жозеф Бермудес және Жек Лю қатарлы Солтүстік Корея мәселесінің сарапшыларының айтуына қарағанда, олар 25 наурызда жасанды серіктен (спутник) түсірілген суреттерге талдау жасаған. Нәтижесінде Солтүстік Кореядағы жер асты сынақ полигондарының бірінің кірер ауызы, айналасы түгел асфальтталғанын, сулар құрғатылып, маңында белсенді әрекеттер жасалып жатқанын байқаған. Екі сарапшы бұл жер асты сынақ полигонды келесі ядролық сынаққа дайындап жатқанын көрсетеді.
Корей түбегіндегі жағдай жанамалай АҚШ пен Қытай, Ресей сынды алпауыттар арасындағы теке-тірес болғанымен, негізгі қорғаушысы Солтүстік Кореяның ядролық қаруды дамытудағы батыл әрекеттері. Трамптың билікке келуі мен Корей түбегі мәселесі тіпті ушыға түсті. КХДР «Сад» жүйесі іске қосылудан бұрын, АҚШ-ты дегеніне көндіретін қуатты қару мен өнімді тасымалдаушы зымырандардың сынағында табысқа жетуге тырысуда.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер