Солтүстік Корея ядролық сынаққа дайындығын аяқтады деп хабарлайды Ренхап агенттігі, қорғаныс министрлігіндегі анонимді ақпарат көздеріне сүйене отырып.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қарулы күштері Солтүстік Кореяның ядролық аймақтарын жіті бақылай отырып: "Біздің болжамдар бойынша, КХДР Ким Чен Ын бұйрық бергеннен кейін  бірнеше сағат ішінде ядролық сынақты жүзеге асыруға дайын" - деп отыр.
Осы уақытқа дейін Fox News телекомпаниясы КХДР алтыншы ядролық сынақты наурыз айының соңына жоспарлап отырғандықтарын жеткізген еді.  Солтүстік Корея Хамгён-Пукто аймағындағы Пунгери полигонының тоннельдерін қазу жұмыстарын аяқталғандығы белгілі болған.
Өткен жылы Пунгери полигонында екі бірдей ядролық сынақ орын алған, ал бұл сынақтар КХДР-ның төртінші және бесінші ядролық сынақтары болып отыр.
"The Qazaq Times"
                        











                                                        





                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                    
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                    
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                    
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                    
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                    
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау