Иран қарулы күштерінің әрекеттеріне қарасы наразылық шеру жексенбі күні де жалғасты. Бұл үкіметке қарсы өтіп жатқан наразылық шерудің екінші күні. Шеру Иран территориясында құлаған Украина ұшағына байланысты наразылық білдіруден басталған. Алғашында, Иран әскерилері Украина ұшағына қатысты өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарған, кейін 176 жолаушы отырған ұшақты кездейсоқ атып түсіргендерін мойындаған болатын.
Әлеуметтік желілер арқылы тараған мәліметтерге қарағанда наразылық шаралары елдің бірнеше қаласында болып жатыр. Елдің орталық қаласындағы наразылық шарасына жоғары оқу орындары белсенді қатысқаны туралы мәліметтер бар. Теһран университетінің сыртында ереуілшілер "Олар біздің жауымыз Америка Құрама Штаттары деп алдайды, біздің жауымыз осы жерде!" деген ұрандар көтерген.
Наразы жұрт әуелі әлеуметтік желілерде өздерінің ашу-ызаға толы қарсылықтарын білдірген. Кейін Иран үкіметін таңқалдырарлық деңгейдегі қарсылық ереуіліне ұласты. Тіпті, ереуілшілер елдің рухани көсемінің биліктен кетуін талап етті. Наразы жұрт арасында АҚШ-тың зымыран шабуылынан қаза тапқан ирандық генерал Сулейманидың суретін жыртып, "Сулеймани – қандықол, ал оның жетекшісі – сатқын", – деп айғайлаған. Кейбір шетелдік басылымдар "осыдан-ақ, қаншама ирандықтың билікке наразы екенін көруге болады" деген пікірлерді жазып жатты.
Орталық қала полиция жасақтары наразы топтың маңына жиналған, олар арнайы көліктермен, сойылдармен, пейнтбол мылтықтарымен қаруланған. Бірақ, наразы топты күшпен тарату туралы хабарламалар болған жоқ.
Наразылық шерулері Теһраннан тыс Шираз, Исфахан, Хамедан және Орумие қатарлы қалаларда өтті. Америкалық басылымдар бұл наразылық шараларын Сулейманидың өліміне деген әлемдегі наразы көңіл күйді сейілтті деп бағалап отыр.