Украина президенті Владимир Зеленский француздық әріптесі Эммануэль Макронмен жақын арада Украина-Франция-Германия форматында жиын өткізіп, Донбастағы жағдайды талқылауға келісті. Бұл туралы «Украинформ» хабарлады.
Тараптар Қырым, Донбасс мәселесін талқыламақ. Жиынға Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Украина басшысы Владимир Зеленский қатысады.
9 желтоқсанда Парижде «Норманд төрттігі» өкілдері бас қосқан. Кездесу барысында Зеленский: «Украина – унитарлы мемлекет. Мен Украина президенті ретінде елдің ешқашан бөлінбейтінін және украин халқы біртұтас екендігін баса айтқым келеді. Федерация құрамына ену туралы ой туындамай-ақ қойсын. Украина тәуелсіз, дербес және демократиялық мемлекет. Украинаның шығысындағы жағдайды халықаралық тұрғыда шешу мүмкін емес, әрбір украин үшін Донбасс пен Қырым – Украина жері», — деп кесіп айтқан.
«Норманд төрттігі» саммиті – Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр