Шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының ісіне қатысты сот бүгін ШҚО Зайсан қаласында өтті. Сот төрешісі қорғаушы адвокат пен айыпталушыларды қолдаған белсенділердің наразылығына қарамастан сот отырысын 21 қаңтарға қалдырды.
Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын қолдаған белсенділер Семей мен Өскемен қалаларынан тыс елорда мен Алматыдан және Шымкент қалаларынан белсенділер сот отырысына қатысты. Олар екі азаматқа бостандық беріліп, елде қалдырылуын және сот процесінің әділ өтуін талап етіп келген.
Бүгінші сот отырысында Қ.Мұсаханұлы мен М.Әлімұлы өздерінің және туған-туыстарының Қытайда қысым көргенін, төлқұжаттарын жергілікті үкімет орындары жинап алғандықтан, Қазақстан шекарасынан заңсыз өтуге мәжбүр болғанын жеткізді. Сондай-ақ, сот отырысында куәлік берген шекара қызметінің өкілі Манас Бауыржанұлы айыпталушылар шекарадан кесіп өттік деген 2 қазан күні шекара бұзу ісі тіркелмегенін айтты.
Сот отырысынан кейін белсенділер пикет өткізіп, сот шешіміне келіспейтіндерін білдірді. Олар билік өкілдері белсенділердің сот процесін бақылауына кедергі келтіру үшін сот отырысын кейінге қалдырып отыр деген пікірде. Белсенділер келесі сот процесіне тіпті де көп азаматтық белсенділерді қатысуға шақырды.
Қорғаушы адвокат пен айыпталушыларды қолдаған белсенділер сот шешімімен келіспейтінін, осыған байланысты жоғары сотқа және президентке шағымданатынын жеткізді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?