Түркия шекарасына 200-250 мың мигрант келе жатыр, — деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.
Сүрияның солтүстік аудандарындағы жағдай туралы пікір білдіре келе Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай мәлім етті. Түркия басшысының айтуына қарағанда, көш тізгінін тоқтату үшін қажетті шаралар қолға алынуда. Алайда бұл адам өміріне қатысты іс болғандықтан, көшті тоқтату оңай шаруа емес. Түркия қазірдің өзінде бес миллионға тарта босқынның үйіне айналған. Түркия басшысы олардың төрт миллионы сүриялықтар екенін еске салды.
Қазіргі уақытта Түркияда азаматтық соғыстан қашқан 3,6 миллион сүриялық босқын бар. ВВС мәліметінше, Түркия «террорлық ұйым» ретінде таныған Күрдтер қосыны түрік әскерлерін шекарадан өткізгісі келмейді. Сол себепті тараптар арасында қақтығыстар жиі орын алып отыр.
Сүрия үкіметі Ресей авиациясының қолдауымен Идлибте көтерілісшілермен соғыс бастаған. Түрік билігі Сүрияның солтүстік-батыс провинциясындағы ауыр шайқас Түркияға босқындардың жаңа легін әкеледі деп қауіптенуде. Осыған байланысты, босқындар мен бейбіт тұрғындардың Сүриядағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау көрсететін бірден-бір мемлекет АҚШ болғандықтан, Түркия аталған мәселені америкалық әскерлермен бірлесе шешпек. Алғашқы қадам қыркүйектің соңына жоспарланып отыр, дейді Ердоған.
2016 жылы Еуропалық одақ пен Түркия ортақ шешімге келген. Арнайы келіссөзге сәйкес, Анкара мигранттардың Еуропа елдеріне қоныс аудармауын қатаң қадағаласа, ЕО Түркияға 6 млрд еуро көлемінде қаржы беруі тиіс болатын. Кейіннен Ердоған одақ тарапынан тек 3 млрд еуроның бөлінгенін мәлімдеді.
"The Qazaq Times"


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді