2012 жылдан бері елімізде ең ірі үш ұшақ апатынан 64 адам көз жұмған. 

Бүгін, желтоқсанның 27-сі  таңертең сағат 7:22-де Bek Air ұшағы Алматы әуежайынан бір шақырым қашықтықта Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылындағы иесіз екі қабатты үйге құлаған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 15 жолаушы қаза тауып, 50-ден астамы ауруханаға жеткізілген. Дегенмен әлде де қайтыс болғандардың саны нақты емес, ақпарат көздерінде әртүрлі айтылуда. Марқұмдардың санын кей мекеме 15 десе, қайсыбірі 16, әкімдік өкілі 12 деп көрсетіп отыр.

2013 жылы 29 қаңтар SCAT әуе компаниясының Көкшетау-Алматы бағытында ұшатын Bombardier CRJ-200 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 21 адам - ​​экипаждың бес мүшесі және жолаушылар қаза тапты. Ауа-райының қолайсыздығынан қона алмай, екінші айналымға бұрылған кезінде Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылту ауылы маңына құлаған. Апаттың себебі ауа-райының қолайсыздығы және экипаждың қателіктері деп бағаланған болатын. Кейін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Нариман Бегалиев ұшақтың апатқа ұшырауына SCAT әуе компаниясының ұшу бөлімінің бастығы Вячеслав Артёменконы кінәлі деп танып, 5 жылға түрме жазасын кескен. Сонымен қатар ол 2 жыл мерзімге авиациялық қызметпен айналысу құқығынан айырылған болатын. Challenger-200 ұшағы апатқа ұшырағанда қаза болғандар тізімі:
Экипаж мүшелері:
1. Евдокимов Владимир Николаевич – әуе көлігінің командирі
2. Шарапов Александр Владимирович – пилот
3. Бабаян Святослав Артурович – стажер-пилот
4. Кривоносова Ирина Николаевна – бортпроводница
5. Аспандиярова Дина – бортпроводница

Жолаушылар:
1. Дюсенов Галымжан
2. Дюсенбаев Дюсекен
3. Кусаинов Аскар
4. Платков Николай
5. Малгаждаров Кайсар
6. Низамов Акрам
7. Омаров Абилжан
8. Оразбаев Марат
9. Рахимбек Индира
10.Сериков Александр
11. Шутиков Арсен
12.Ескендиров Аскар
13.Жаворонков Иван
14.Фейст Владимир
15.Рубас Александр
16.Бахытжан Р.М.

Дәл осы оқиғадан бір жыл бұрын, нақты айтқанда 2012 жылдың 25 желтоқсанда ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 ұшағы Шымкенттен 20 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Жауынды әрі бұлтты күні болған қайғылы оқиғаның салдарынан борттағы шекара қызметі директоры, полковник Тұрғанбек Стамбеков, қасындағы офицерлер тобы, шекара бақылау басқармасының әскери қызметкерлері, жалпы жиыны 27 адам, оның ішінде 7 экипаж мүшесі, барлығы қаза тапты. Бас прокуратураның қорытындысы бойынша, апатқа экипаждың әуе диспетчерінің нұсқауын орындамауы, жерге жақын ұшуы және хабар байланыс жүйесін үзуі себеп болған.

"The Qazaq Times"