Bek Air ұшағы ұшу кезінде екі қабатты ғимаратқа соқтығысып, апатқа ұшырады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар. 

Алматыдан елордаға қарай ұшқан Bek Air әуе компаниясының рейсі радардан жоғалып кетті. Ұшақта 95 жолаушы болған.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі  "Бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы - Астана бағытындағы 2100-рейсі сағат 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған", - деп хабарлады.


Инвестициялар және даму министрлігі әуе апатының мән-жайы туралы "2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - астана бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы эвакуацияланып жатыр. Қаза тапқандардың саны - 7. Премьер-Министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған", - деді.

"The Qazaq Times"