Бүгін түсте мемлекет басшысы Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 28 желтоқсан "жалпыұлттық аза тұту күні" деп жариялады.
Бұл жөнінде президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook желісіндегі парағында жазды.
Бүгін таңертең сағат 7:22-де Bek Air ұшағы Алматы әуежайынан бір шақырым қашықтықта Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылындағы иесіз екі қабатты үйге құлаған. Жалпы 15 жолаушы қаза тапқан. 50 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Елді есеңгіреткен қайғылы оқиға туралы толық ақпаратпен мына жерден таныса аласыз.

Президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабар. 27 желтоқсан 2019 жыл. Фото: Facebook желісі


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы