Бүгін, желтоқсанның 26-сы елордада Қазақстанның демократиялық партиясын құрғысы келетін бастамашыл топ мыңнан астам адамның қолы қойылған құжатты әділет министрлігіне тапсырып, құрылтай съезін өткізу үшін бастамашыл топты тіркеуді сұрады.
Ведомство өкілі Талғат Әбубәкіров құжатты қабылдап, тіркелгені туралы түбіртекті бүгін кешке дейін беруге уәде берген.
Ұйымдастыру комитетінің өкілі Инга Иманбай министрлік топты тіркемеген жағдайда мұны «саяси себеппен» байланыстыратынын айтты.
– Бізге съезд өткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Дайындаған құжаттарымыз бен жақтастарымызға сенеміз. Егер әділет министрлігі қандай да бір себеппен тіркеуден бас тартса, онда оны саяси себеппен бас тартты деп түсінеміз және әрі қарай әрекет жасаймыз, – деді ол.
Белгілі журналист, белсенді Жанболат Мамай қазанның 15-сі Алматыда Қазақстанның демократиялық партиясын құратынын мәлімдеген болатын. Ол «партияның мақсаты сайлауға түсу емес, елдегі билік жүйесіне өзгеріс енгізу, халықтың үнін билікке жеткізу» екенін айтқан. Бұған дейін ұйымдастыру комитеті елдің әр аймағынан өкілдігін құрып, Тәуелсіздік күнінен бұрын Желтоқсан және Жаңаөзен құрбандарын еске алу жиынын өткізген еді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр