Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;
Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;
Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар президент Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның алдында Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов президент Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті