АҚШ-тағы Стратегиялық және халықаралық қатынастарды зерттеу орталығы осы аптада жаңа зерттеу нәтижесін жариялап, АҚШ пен Тайуаньға (Тайвань) Үнді-Тынық мұхиты аймағының экономикалық, бақылау және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға кеңес берді. Сондай-ақ, демократиялық нормалар мен ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті қолдауға және аймақтағы бейбітшілік пен өркендеуге қауіп төндіретін диктатураға қарсы ынтымақтаса күресуге шақырды.
Стратегиялық және халықаралық қатынастарды зерттеу орталығы жариялаған жаңа зерттеу баяндамасы «Конвенция жобалау: АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аймағындағы еркін және ашық стратегиясы мен Тайваньның оңтүстікке бағытталған жаңа саясатының ұштасуын зерттеу» (Charting Convergence: Exporingthe Intersection of the US Free and Open Indo-Pacific Strategy and Taiwan’s New Southbound Policy) деп аталады.
Аталған зерттеу тақырыбына сай, АҚШ пен Қытайдың Үнді-тынық мұхиты аймағындағы стратегиялық қадамдары зерттелген. 2017 жылы жариялаған АҚШ-тың сол аймаққа бағыттаған стратегиясында Қытайдың артып келе жатқан ықпалына қарсы әрекет ету көзделген. АҚШ Қытайдың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы әрекеттері экономика мен қорғаныс істерінің агрессияға толы екенін сынға алады.
Үнді-Тынық мұхиты деп аталатын Қытайдың шығысы, оңтүстік-шығысы, оңтүстігі, және оңтүстік-батысындағы алып аймақтың геосаяси жағдайлары соңғы жылдары көп өзгерістерге ұшырады. Бұған АҚШ пен Тайуан қатынасының да жаңа бағыты әсер етті. АҚШ бұл аймақтағы Қытайдың ықпалына қарсы тұру мақсатында Тайуан қатарлы бірқатар елдерге қолдауды күшейтіп келеді. Осыған сай Тайуанда өзінің жаңа стратегиясын 2016 жылы жария еткен. Онда Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы 18 мемлекетпен қатынасты нығайту басты көзде ұсталған.
Соңғы онжылдықтардағы Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы геосаяси өзгерістердің қысымына жауап ретінде Америка Құрама Штаттары мен Тайуан «ашықтық, еркін сауда, адам құқықтары және демократия» бағыттарын баса көрсететін және аймақты жаңа ережеге енгізетін әрекеттер жасауда. Назар аударарлығы, Қытай бұл жағында тығырыққа тірелсе, табиғи түрде құрлықтағы ықпалын одан сайын кеңейтуге тырысады. Бұл Орта Азия сынды Қытайға жақын аймақтағы елдерге жаңа қысымдарды ала келеді.