Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара жанжалы осы аптада тағы өршіді. Кеше шекарадағы жанжал кезінде оқ атылып, 6 адам жарақат алды.
Баткен аймағындағы қырғыз-тәжік шекара дауы көптен басылмай келе жатыр. Қырғызстан Шекара қызметінің мәліметіне қарағанда кеше, 18 желтоқсан күні қырғыз бен тәжіктің шекара мәселесі бойынша өкілдері, жергілікті билік және күштік құрылым өкілдері арасында кездесу кезінде Тәжікстан тараптан белгісіз адамдар тас лақтыра бастаған. Оған Қырғызстан шекарасы маңындағы азаматтарда жауап қайтарған. Бұның соңы қақтығысқа ұласып, соңында тәжік тарабы оқ атқан. Нәтижесінде шекара қызметкерлерін қамтыған 6 адам жарақат алған.
Аймақтағы жергілікті азаматтар арасындағы жанжалды ушықтырмау үшін қазір Баткен аймағындағы шекарада қарулы күштер бақылауда ұстап тұр.
Биыл Баткен шекарасындағы жанжалдар кезінде бірнеше рет оқ аталды. Қыркүйектегі қақтығыста қырғызстандық бір жауынгер қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. Оқиғадан кейін Қырғызстан Тәжікстанға наразылық нотасын жолдаған еді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес