Кезінде Кеңес одағының агрессия қаупіне қарсы құрылған Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымына (НАТО) 70 жыл тоды. Осы тұста әлемнің геосаяси бет-бейнесі мүлде өзгерген, айталық ұйымның құрылуына басты себеп болған Кеңес одағы тарих сахнасынан құлаған. Сондықтан да Америка Құрама Штаттарының бастаған ірі әскери одақ ендігі назарын қайда аудармақ? Бұрынғы СССР мұрагерімен қатар Қытайды басты назарға ала алды ма?
Дегенмен, НАТО-ның осы аптада өтіп жатқан саммитінде белгілі болғандай, ұйымға мүше едердің өкілі НАТО мен Қытай қатынасы туралы бірдей көзқараста емес екені де байқалады. Құрама Штат тарабы НАТО мүшелерін Қытайға көбірек назар аударуға шақырды. Ал, оның еуропалық одақтастары Қытайдың Еуропаға болғна экономикалық ықпалының кеңеюінен алаңдаулы.
Reuters агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың қорғаныс министрі Эспер Еуропа елдері Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан әскери мүмкіндіктерін, соның ішінде жаңа дыбыстық қарулары мен ұшақ тасымалдаушы кемелеріне назар аударуға шақырған.
Ал, НАТО бас хатшысы Столтенберг жиналыста Қытайдың әскери бюджетінің АҚШ-тан кейінгі орында екенін айта келіп: «Бұл НАТО-ның Оңтүстік қытай теңізіне аударуы емес, керісінше Қытай бізге жақындап келеді», – деді. Ол және Қытайдың Арктикадағы, Африкадағы әрекеттеріне назар аудару керектігін, сондай-ақ, Еуропадағы инвестициясына көңіл бөлді ескерткен.
Бірақ, НАТО ішінде Қытай мәселесін қалай біржақтылы ету туралы пікірлер бірдей емес. «Рейтер» агенттігі НАТО дипломатының пікірін келтіре отырып: «Кейбір одақтастар Трампты қуанту үшін Қытайды НАТО-ның келесі қарсыласы ретінде көрсетуі мүмкін. Бірақ, еуропалықтардың көпшілігі НАТО-ның Қытайға қарсы қарауы олардың ұлттық мүддесіне сай емес екенін біледі», – депті. Бұдан біз Қытай мәселесі бойынша НАТО-ның бірауызды емес екенін аңғарамыз. Оны айтпаған күннің өзінде, НАТО-ның ішкі қайшылығы да асқынып келеді. Бұны біз кешегі саммит қарсаңындағы мақаламызда көрсетіп кеттік.
Сонымен, қазірге НАТО өзінің бұрынғы қарсыласының мұрагері Ресейге қаратқан позициясын өзгертпеді десек те, Қытайды басты назарға ұстай қоймағанын байқаймыз. Бірақ, АҚШ тарабы артып келе жатқан Қытай қаупін тынбай ескертіп келеді. Оның да өзіндік себептері баршылық. Ал, Қытайдың әскери әлеуеті мен мұхиттардағы қозғалыс аумағы кеңейе түссе, НАТО-ның назар аудармауы мүмкін емес.