Қытайда 1 желтоқсаннан бастап ұялы байланыс желілерін қолданушыларға бет-жүзін сканерлеу міндеттелді. Қытайда ғаламтор қолданушылар жүз миллиондап саналады, соның басым көпшілігі ұялы телефондар арқылы интернет қолданады. Қытай үкіметі бұл жаңа ережені азаматтардың мүдделері мен заңдық құқығын қорғау үшін жасалғанын айтуда.
Қытай үкіметі көп жылдан бері интернет қолданушыларын бақылау әдістерін кемелдендіріп келеді. Осыған дейін ұялы байланыс қызметін қолданушылар, немесе ұялы телефон сим-карталарын алу үшін өзінің жеке басын анықтайтын құжаттарды қатаң талап ететін. Енді азаматтардың жеке биографиясын анықтайтын бет-жүзді сканерлеу мен жеке құжаттарды қатар талап етуде. Бұған қоса ғаламтор пайдаланушылардың әлеуметтік желілерде міндетті түрде өз есімдерін пайдалануды қадағаламақ.
Оксфорд университетінің Қытай ақпараттық технологиясы және жасанды зерде (интеллект) технологиясын зерттеуші Жозеффер Диндин Қытайдың кезекті жаңа ережесі интернет қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар желі қолданушыларды кең көлемде бақылауға алу үшін жасалған шара деп бағалады.
2017 жылы Қытайда әлеуметтік желі пайдаланушылардың жеке басын анықтайтын мәліметтердің растығын қатаң талап ететін заң қабылдаған болатын. Ал, жаңа ереже желі қолданушыларды бақылауды тіпті де күшейте түсетінін сөзсіз. Адамдардың жүзін жазбай танитын технологияны Қытай үкіметі кеңірек қолданып келеді. Бұл жағында әлем алдында тұрғаны да белгілі. Кезекті жаңа ереже туралы Қытай ақпарат құралдары кеңірек хабарлаған да жоқ. Тек әлеуметтік желілерде жекелеген желі қолданушылардың наразы пікірлері кездесуде. Олар биліктің азаматтардың жеке құпиясының сақталуына барған сайын қауіп төндіріп отырғанын айтады.