Бүгін сағат 15.00-де Қазақстан Жазушылар одағында ақын, Ж. Нәжімеденов атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұрат Шаймаранның 50 жасқа толған мерейтойына орай «Талпынған шалғайға шайырдың жаны – құс» атты әдеби-сазды кеш өтеді.
Қазақ өлеңінде өзіндік өрнегін қалыптастырып, қалың оқырман ерткен Мұрат Шаймаранұлының бұл кеште «Жасыл түн» атты жыр жинағының тұсауы кесіледі. Шығармашылық кешке алыс-жақын шет елден және Қазақстанның түкпір-түкпірінен қазаққа танымал Халық жазушылары, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысады.
Ақынның өмірі, шығармашылығы туралы Қазақстанның Халық жазушысы Қ. Жұмаділов, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Ұ.Есдәулет, Т.Әбдікәкімовтар арнайы сөз сөйлейді.
Кештің форматы дәстүрлі қалыптан өзгешерек. Бұл күні ақын өлеңінен театрландырылған композициялар қойылып, М. Шаймаран өлеңдерін танымал ақындар жатқа оқиды. Әрі елімізге белгілі әншілер ақын сөзіне жазылған әннен шашу шашады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі