Еуропалық парламент Урсула фон дер Ляйен бастаған Еуропалық Комиссияның жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.
Ресми ұсынылған құрамды 461 депутат қолдаса, 157 депутат қарсы дауыс берген. 89-ы дауыс беруден бас тартты. Страсбургтегі пленарлық дауыс беру Еуропалық парламент тарапынан ұзаққа созылған еурокомиссарлар лауазымына үміткерлерді таңдау процесін аяқтайды. Ұлыбритания өз өкілін ұсынудан бас тартқандықтан, Еуропалық комиссия 27 мүшеден құралатын болды.
Жаңа Еурокомиссия 1 қарашада өз жұмысына кірісуі тиіс, алайда қыркүйекте басталған еурокомиссарларды бекіту процесі еуродепутаттардың Франция, Румыния және Венгрия үміткерлерін қабылдамауына байланысты ұзаққа созылды.
Еске сала кетейік, өкілеттігі 2024 жылдың күзіне дейін жалғасатын жаңа Еурокомиссия 1 желтоқсанда жұмысқа кіріседі.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті