Түркия қарулы күштері ресейлік С-400 зениттік зымыран жүйелерінің радиолокациялық жүйелерін сынауды бастамақ. Бұл туралы CNN Turk телеарнасы хабарлады.
Телеарна мәліметтері бойынша, тест сынақтары аптаның бірінші күні басталады және Анкараға жақын жерде өткізіледі. Ол үшін ауаға әр түрлі әуе кемелері, соның ішінде F-16 жойғыштар көтеріледі. Түрік мамандары ЗРС мен ұшақтардың арасында байланыс орнатуын тексермек. Арнайы сынақ үшін Мюртед авиабазасы іске қосылған.
2017 жылдың қыркүйегінде Ресей Түркиямен құны $2,5 млрд болатын С-400 зениттік зымыран жүйелеріне байланысты келісімшартқа қол қойды. Жоспар бойынша зымырандардың бірінші бөлігі шілдеде жеткізілді.
АҚШ пен НАТО Түркияның ресейлік зымырандарды сатып алуына түбегейлі қарсы. Уашингтон «Ресей қаруын Түркия аумағына орналастыру НАТО стандарттарына қайшы келеді» деп есептейді. Мұның алдында Ердоған өз шешімінен бас тартпайтынын мәлімдеген.
13 қарашада Дональд Трамп пен Режеп Тайып Ердоған Уашингтонда ресми кездесу ұйымдастырды. Трамп әкімшілігі Ердоғанға ресейлік С-400 зымырандарын пайдаланбауды талап етіп, оның орнына америкалық F-35 байланыс және қорғау құралдарын ұсынған. Егер Анкара Уашингтонның ұсынысына келіссе, F-35 көп мақсатты жойғыштарды құру бағдарламасына қайта оралып, рестрикциядан құтыла алады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр