Нью-Йорктің бұрынғы мэрі, миллиардер Майкл Блумберг АҚШ президенттік сайлауына қатыспақ. «Мен президент Дональд Трампты жеңіп, Американы қалпына келтіруге тырысамын» деді ол Twitter парақшасында.

Bloomberg компаниясының үгіт-насихат штабы сайтындағы мәліметтер бойынша, үміткердің сайлауалды науқаны экономика, денсаулық, иммиграция, білім беру және қоғамдық орындарда оқ атудың алдын-алуға бағытталған. Нью-Йорктің экс-мэрі егер Трамп сайлауда жеңіске жететін болса, АҚШ «залалдан ешқашан құтыла алмайтынын» айтады.

Bloomberg кеңесшісі Ховард Вульфсон сенбіде Associated Press-ке: «Ол ешқашан саяси қажеттіліктер үшін қайыр-садақаларды қабылдамаған. Оны сатып алу мүмкін емес және ол президент болса, жалақыдан бас тартуға дайын», — дейді.

77 жастағы Блумберг Нью-Йорктің мэрі қызметін 2002 жылдан 2013 жылға дейін атқарған. Сонымен қатар ол филантроп және атақты қаржылық жаңалықтар агенттігінің негізін қалаушы ретінде де танымал. Миллиардер АҚШ-тағы ең бай адамдардың бірі саналады. Forbes журналының бағалауы бойынша оның байлығы 54 миллиард доллардан асады.

Bloomberg көп жылдар бойы Демократиялық партияның мүшесі болды, бірақ өзін 2001 жылы Нью-Йорктің мэрі етіп ұсынғанға дейін ол республикашыл ретінде тіркелген. 2009 жылы Bloomberg тәуелсіз саясаткер ретінде үшінші мерзімге үміткер болды. Өткен жылдың қазанда ол демократ ретінде қайта тіркелді.

Айта кетейік, Америкадағы кезекті президенттік сайлау 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді. Қазірдің өзінде жиырмадан астам адам өз кандидатурасын ұсынып отыр.

"The Qazaq Times"